427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорданың сол жағалауында жаяу жүргіншілер жолымен жүру мүмкін емес

  • 343
  • UPD: 23:02, 11.04.2021

Күннің көзі көрініп, қар кеткен соң әуре де көбейді. Сырттағы ел тасқыннан қауіптенсе, елордалықтар саз кешіп жүр. Тіпті сол жағалаудағы «жаяу жүргіншілерге арналған жолдармен жүру мүмкін емес» дейді тұрғындар. 

Ғазиза Мұхамеджанова, тілші:

- Елордадағы С409 көшесіндегі жаяу жүргіншілерге арналған жолдың сиқы осындай. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, бұл жерді электр сымдарын жүргізу үшін бір жыл бұрын қазып тастаған. Сымдар жүргізілді. Ал жол жөндеу жұмыстары сол күйі аяқсыз қалған. 

- Жолдың сапасын мына көріп тұрсыздар. Шашылып жатыр, бұзылып жатыр. Былтырдан бері осылай. Былтырғы жаздан бері осылай, ешкім ешқайда қарамайды.

- Мына жақтар жақсы. Ал мына жер уже қиындау болып тұр. Бір жылдан асты әлі жөндеген жоқ. 

«Үйдің маңайында жүріп тұру ыңғайсыз. Сүрініп құлап жатқандар да бар», - дейді тұрғындар. 

Әсіресе кішкентай балалармен және арбамен жүргендерге жайсыз. 

- Бала арбасымен өту тіпті мүмкін емес. Былтыр бағдаршамға сым жүргіземіз деп, осы жерді қазып тастаған. Әлі жөндеген жоқ.

Павел, қала тұрғыны:

- Балам жүгіріп осы жерге барады. Тастарды қарап, кейде шалынып құлап қалады. Арбамен жүргенде айналып өтеміз. Дәл бағдаршамға апаратын жол болғандықтан ашық жатқаны ыңғайсыз. Пушкин көшесінде, Абай мен Кенесары көшелерінің қиылысында да жыл сайын жолда шұңқырлар болады. 

Көктем келгелі бас қаладағы көптеген көшеде осындай көрініс. Мысалы, Қабанбай батыр мен Жәнібек, Керей хандар көшелерінің қиылысында да жаяу жүргіншілерге арналған жолдың сапасы көңіл көншітпейді. 

Ал қала әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желідегі соңғы жазбаларының бірінде «жиналыстар мен түрлі нысандарды аралаудан бос уақытымда тұрғындардың хаттарын оқып, айтылған шағымдарға қатысты шара қолдануды тапсырамын» деп жазды. 

Ал елордалықтар «әкімнің айтқаны жай ғана жазба болып қалмайды» деп үміттенеді. 

Авторлар: Ғазиза Мұхамеджанова, Нұрғали Мамырбаев

Хабар 24 телеарнасы