429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бразилияда қоқыс ақтарып, бір үзім нан іздейтіндер көбейген

  • 161
  • UPD: 22:49, 11.04.2021

Бразилияда азық-түлік тапшы. Осыған байланысты елде мұқтаж жандарға тамақ жағынан көмек беру науқаны басталды.

Үкіметтік емес ұйым белсенділері вакциналау орталықтарына тағам түрлерін жеткізіп, әрі қарай жағдайы төмен отбасыларға таратылады. Қайырымды іске басқа ерікті адамдар да қосылуда. Кейбіреулері тіпті аты-жөнін ашық көрсетпеуді өтінген.

Елде жүргізілген сауалнама бойынша 19 миллион тұрғынға аштық қаупі төніп тұр. Ал 116 миллион адам тойып тамақ ішпейді. Соңғы кездері қоқыс ақтарып, бір тілім нан іздейтіндер көбейген. Аталған акция аясында бір ғана Рио-де-Жанейро қаласындағы 250 вакциналау орталығына 7 тонна азық-түлік берілген.

Салвино Оливейра, жастар ұйымының хатшысы:

- Бұл Рио-де-Жанейро тарихындағы ең үлкен қайырымдылық шарасы болып тұр. Шамасы келетін әрбір адам бір келі болсын тамақ немесе санитарлық заттар әкеледі деп сенеміз. Біз бұл нәрселерді мұқтаж жандарға үлестіреміз.

Хабар 24 телеарнасы