Жанартаудың күлі Кариб теңізіндегі аралды басып қалды

Кариб теңізінде осыдан 2 күн бұрын атқылай бастаған Суфриер жанартауынан тараған күл Сент-Винсент аралын басып қалды.

Тіпті адамдар көшеге шығып, жүруден қалды. Билік үйінен шығып үлгірмеген тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруді ойластырып жатыр. Өйткені бұл өте қауіпті жағдай. Жанартаудан көкке шапшыған жалынның биіктігі 10 шақырымға дейін жетеді. Суфриер жанартауы 40 жыл бойы тыныш жатқан екен. Ал 1902 жылы бұл таудан аққан лава бір мыңнан астам адамның өмірін қиған. Осы арал-мемлекетте қазір 100 мыңға жуық ғана тұрғын бар.

Дерек, құтқарушы:

- Басында тұрғындардың көбі мүлде көшкісі келмеген. Ал қазір халықтың 90 проценті қауіпсіз жерге тезірек кеткісі келіп отыр.

Сондай-ақ...