427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Пәкістан Рамазан айының қарсаңында локдаун енгізді

  • 139
  • UPD: 22:02, 11.04.2021
Пәкістан Рамазан айының қарсаңында локдаун енгізді

Пәкістан Рамазан айының алдында локдаун жариялады. Қазір  барлық мешіттерде жаппай зарарсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр.

Базарлар мен сауда орталықтарының басым бөлігі жабылды. Әзірге жеміс-жидек пен көкөніс сататын орындар ғана ашық. Бұл тұрғындардың құрма,өрік тәрізді ораза кезінде аса қажетті өнімдерді сатып алуына жасалған жағдай. Дінбасылар жұртты Рамазан айында сақтық шараларын мүлтіксіз орындауға шақырды. Қазір ел коронавирустың үшінші толқынымен күресіп әлек. 

Мухаммад Юсуф, жергілікті тұрғын:

- Еліміздің премьер-министрі мұқтаж адамдарға қол ұшын созған болып жатыр. Бірақ бұл жеткіліксіз. Жағдай жасағысы келсе инфляция мен қымбатшылықты жойсын.

Хабар 24 телеарнасы