Үндістанда құдыққа құлаған пілдің баласы құтқарылды

Үндістанда орманшылар мен өрт сөндіру қызметкерлері құдыққа түсіп кеткен пілдің баласын аман-есен алып шықты.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, оқиға елдің шығысында болған.

Операцияның қиындығы сол, арнайы экскаватор шақырылды. Ауыр техниканы өздері шамасы жетпеген соң қорықшылар жалдапты. Тек осыдан кейін ғана  жануарды жоғары көтеруге мүмкіндік туды.

Құтқарушылардың айтуынша, пілдің төлі түнде үйірінен адасып, құдыққа түсіп кеткен.

Сондай-ақ...