427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлыбританияда BAFTA сыйлығының жеңімпаздары жарияланды

  • 103
  • UPD: 10:05, 12.04.2021
Ұлыбританияда BAFTA сыйлығының жеңімпаздары жарияланды

Ұлыбританияда кино және телевизиялық өнер академиясы сыйлығының жеңімпаздары жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Британияның басты киносыйлығын биыл америкалық режиссер Хлоя Чжаоның «Көшпенділер жері» фильмі жеңіп алды. Кинотуынды «Үздік режиссерлік жұмыспен» қатар «Ең үздік әйел рөлі» және «Операторлық жұмыс» үшін номинациясы бойынша бас жүлдені иеленді. Ал «Үздік актер» сыйлығын «Әке» фильмінде басты кейіпкерді сомдаған Энтони Хопкинске бұйырды.

Айта кетейік, британиялық кино және телевизиялық өнер академиясының 74-ші марапаттау шарасы биыл індетке байланысты онлайн өтті.

Хабар 24 телеарнасы