Иранның ядролық нысанындағы электр жүйесінде апат болды

Иранның Натенз қаласындағы ядролық нысанның электр энергиясын тарату жүйесінде апат болды.

Бұл туралы осы елдің Атом энергиясы жөніндегі агенттгі мәлімдеді. Билік апат кибершабуылдың салдарынан болғанын айтып, «лаңкестік әрекет» деп мәлімдеді. Және қарымта жауап қайтарылатынын ескертті. Бірақ апаттан қоршаған ортаға ешқандай зиянды зат таралған жоқ. Және ешкім жапа шекпеген. Ал жергілікті ақпарат құралдары кибершабуылды Израиль арнайы қызметі жүзеге асырған деп жазады.

Айта кетейік, Ираннның бұл ядролық нысанында сенбі күні уранды байыту үшін жаңа құрылғылар іске қосылған болатын.

Сондай-ақ...