427,41 517.06 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жапонияда жасы 65-тен асқан қарттарды вакциналау күшейеді

  • 137
  • UPD: 14:17, 12.04.2021
Жапонияда жасы 65-тен асқан қарттарды вакциналау күшейеді

Жапония билігі жасы 65-тен асқан қарттарды вакциналауды күшейтпекші.

Бұл туралы осы елдің Премьер-министрі мәлімдеді. Қазір Күншығыс елінде бұл жастағы адамдардың саны 36 миллионнан асады. Оларды егу науқаны бүгін басталды. Бұл жұмыс ауруханалармен бірге қоғамдық залдарда, стадиондарда жүргізіліп жатыр. Ал ресми дерекке сүйенсек, Жапонияда халықты вакциналау ақпан айында басталып, бүгінгі күнге дейін жұқпалы дертке қарсы 5 миллионға жуық адам егілген. Бұл – 126 миллионнан аса азаматы бар Күншығыс халқының 1%-і

Кацунобу Като, Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы:

- Егер Еуроодақтан вакцина еш кедергісіз экспортталса, бізде маусым айының соңына дейін осы топтағы адамдарды егуге қажетті препаратамыз болады деп ойлаймын. Біз бұл азаматтарымызды вакциналауды барынша жылдам жүргізуге күш саламыз.

Хабар 24 телеарнасы