Германия канцлері қызметіне сайлауға түсетін тағы бір үміткер шықты

Саяси додаға Бавария премьер-министрі Маркус Зёдер өз кандидатурасын ұсынып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Маркус Зёдер Германияда аты танылған саясаткер. Ал оның басты қарсыласы Христиан-демократиялық партиясының көшбасшысы Армин Лашет болмақ.

Естеріңізге салайық, аймақтағы кезекті парламенттік сайлау биыл 26 қыркүйекке жоспарланып отыр. Ал Германия үкіметін 16 жыл бойы басқарған Ангела Меркель күздегі сайлауға қатысуға ниет танытып отырған жоқ.