429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қырғызстандағы референдум: сайлаушылардың 80%-і жаңа Конституцияны қолдады

  • 99
  • UPD: 13:51, 12.04.2021
Қырғызстандағы референдум: сайлаушылардың 80%-і жаңа Конституцияны қолдады

Қырғызстанда өткен жалппыұлттық референдумда сайлаушылардың 80%-і жаңа конституцияны қолдап, дауыс берсе, 14%-і қарсы шыққан.

Бұл туралы осы елдің Орталық сайлау комиссиясы хабарлады. Құзыретті орган рефрендумның соңғы қорытындысы 10-15 күннің ішінде жарияланатынын айтады.

Еске сала кетейік, Қырғызстанда жексенбіде өткен рефрендумда халық талқысына жаңа конституция жобасы ұсынылған болатын. Онда парламенттік-президенттік басқарудан президенттік басқару жүйесіне көшу, Халықтық құрылтай институтын құру және парламенттегі депутаттар санын 120-дан 90-ға дейін азайту қарастырылған. Конституцияға өзгерістерді елдің жаңа президенті Садыр Жапаров ұсынды.

Хабар 24 телеарнасы