АҚШ-та афроамерикалық әскери қызметкер күш қолданған екі полицейді сотқа берді

АҚШ-та афроамерикалық әскери қызметші жол үстінде қатыгездік танытқан екі полицейді сотқа берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға желтоқсан айында Вирджиния штатының Виндзор қаласына жақын жерде болған.

Карон Назарио өзінің жаңа сатып алған жеңіл көлігімен келе жатқанда екі полицей оның нөмірі жоқтығын хабарлап, тоқтауын сұрайды. Бірақ әскери қызметкер жарық жерді іздеп, бірер минуттан кейін жанармай бекетінің жанына барып аялдайды. Осыдан кейін полицейлер оның көліктен шығуын талап етеді. Назарио болса, қатты қорқып тұрғанын айтады. Бірақ полицейлер әскеридің көзіне бұрыш шашып, күш қолданады. Тәртіп сақшыларының қатыгездік әрекеті бейнекамераға түсірілді.

Джонатан Артур, Карон Назарионың адвокаты:

- Егер біз осындай заңды бұзып әрекет ететін полицейлерді көптеп жауапқа тартатын болсақ, мұндай бассыздық азаяр еді. Менің ойымша, айыптаушының сотқа шағымдануының басты себебі де осы. Өзге тәртіп сақшылары мұндай әрекеттердің заңсыз екенін білуі тиіс.

Сондай-ақ...