Филипп ханзадаға ескерткіш қойылады

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II-нің жары ханзада Филиппке Лондонның Мэлл көшесінде ескерткіш қойылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, бұл үшін жұмсалатын шығынның бір бөлігі қайырымдылық қорынан алынбақ. Британдық парламент бұл бастаманы толық құптап отыр. Жалпы Ханзада Филипптің қазасынан кейін әлеуметтік желілерде оған ескерткіш қою туралы петиция жарияланған еді. Оған шамамен 6 мыңға жуық адам қол қойды.

Айта кетейік, марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі алдағы сенбі күні өтеді.

Сондай-ақ...