АҚШ-та торнадо болды: құрбан болғандар бар

АҚШ-тағы Мексика шығанағы жағалауында бес торнадо салдарынан екі адам қаза тауып, жеті адам жарақат алды.

Луизиана штатындағы Пальметтода 28 жастағы ер адам көз жұмды, жылдамдығы 225 км/сағ торнадо салдарынан 7 адам жарақат алды. Кем дегенде 6 үй қираған. Шривпортта 48 жастағы ер адам ағаштың құлауынан қайтыс болды.

Сондай-ақ Оклахома, Техас, Арканзас және Миссисипиде су тасқыны, бұршақ пен найзағай болатыны туралы қатаң ескертулер жарияланды. 6 миллионға жуық тұрғын ауа райының қолайсыздығынан зардап шекті.

Сондай-ақ...