Pfizer-BioNtech вакцинасы қымбаттады

«Пфайзер-Байонтек» вакцинасы күрт қымбаттап кетті. Бұл жағдай Еуропалық одаққа мүше елдерде байқалып отыр.

Бұрын бұл мемлекеттер үшін екпенің бағасы 12 еуро болса, қазір құны 20 еуроға жуықтайды. Бағалардың былай өзгеруінің себебі әзірге белгісіз.

Айта кеткен жөн, қазір «АстраЗенека» компаниясының препараты әлемдегі ең арзан вакцина саналады. Оның құны шамамен 4-5 доллар. Алайда соңғы уақытта бұл өндірушінің вакцинасына қатысты жанжал туындап, кейбір елдер оны қолдануды уақытша тоқтатқан.

Сондай-ақ...