Перуде автобус апатынан 20 адам қаза тапты

Перуде автобус апатынан 20 адам қаза тапты

Перуде Анд аймағында жолаушылар автобусы аударылып, 20 адам қаза тапты.

Сондай-ақ 14 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды.

Алдын ала мәліметтер бойынша автобус жүргізушісі жылдамдықты асырып, тізгінге ие бола алмаған. Салдарынан көлік жолдан шығып кетіп, аударылды.

Автобус апаты болған Паробамба аймағының мэрі Эдгардо Амансио көлік Перудегі сайлауға дауыс берушілерді тасымалдағанын мәлімдеді. Демалыс күндері елде президенттік және заң шығару органдары сайлауы өтті.