Бельгияда екі млн жуық адам вакцинаның бірінші дозасын салдыртты

Бельгияда екі млн жуық адам вакцинаның бірінші дозасын салдыртты

Еуропадағы ауруды алдын алу және бақылау орталығының мәліметі бойынша Бельгияның 1 млн 909 мың азаматы коронавируске қарсы вакцинаның алғашқы дозасын қабылдады.

Осылайша колольдік Еуропадағы екпе егу науқаны бойынша алдыңғы қатардағы алғашқы 10 елдің тізіміне енді. Осыдан бір ай бұрын аймаққа вакцина жеткізу жұмыстары біршама тұраласа, бүгінде Бельгияға Pfizer BioNtech, AstraZeneca мен Moderna компанияларының 2 млн 300 мың доза препараты жеткізілді. Енді бұл тізімге америкалық Johnson & Johnson компаниясының дәрісі де қосылды. Әзірге оның 36 мың дозасы жеткізілді. Алдағы уақытта бұл көлемді 62 мың 500-ге дейін арттыру жоспарланған. Бұл вакцинаның өзгелерден ерекшелігі адам препаратты бір мәрте ғана қабылдайды. 

Естеріңізге салайық, елде екпе егу науқаны белгілі бір тәртіппен жүзеге асырылуда. Бірінші кезекте 75-80 жастан асқан тұрғындар, дәрігерлер мен медицина саласының қызметкерлері егілді. Қазір екпеге 65 жастан асқан және 18 бен 64 жас аралығындағы созылмалы аурулары бар азаматтар шақырылып жатыр. 

- Өзімді аурудан қорғай отыра туған-туыстарымды және әріптестерімді қорғаймын. Осылайша біз бұрынғы тыныс-тіршілігімізге орала аламыз.

- Вакцина қабылдағаныма қуаныштымын. Барлық тұрғындардың егілгенін қалаймын. Жасым 73-ке келді. Еш шектеусіз өмірдің қызығын көргім келеді. Вакцина бізге еркіндік береді. Жақындарым мен достарымды көру үшін тәуекелге барып отырмын.