Alibaba-ға салынған айыппұлдан соң Джек Ма 2 млрд долларға байыды

Қытай билігі Alibaba компаниясына 2,78 миллиард долларға айыппұл салғаннан кейін осы компанияның негізін қалаған Джек Маның байлығы 2,3 миллиард долларға өсті, деп хабарлады Bloomberg.

Агенттік мәліметінше, компанияның АҚШ-тағы акциялары айыппұлдан кейін 9,3%-ке қымбаттады. Ал бұл – төрт жылдағы ең үлкен өсім.

Bloomberg-тің «Миллиардерлер индексінде» Джек Ма 52,1 миллиард доллармен 25-орында тұр.

10 сәуірде Қытай билігі Alibaba-дан монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін 2,78 миллиард доллар айыппұл өндіріп алу туралы жариялады. Қытайлық монополияға қарсы реттеушінің мәлімдемесіне сәйкес, компания тұтынушыны өз қызметтерін «таңдау құқығынсыз» пайдалануға мәжбүрлейтін саясат жүргізді, бұл қытайлық электрондық коммерция нарығының бәсекелестік ортасына теріс әсер етті» деген болатын.

Сондай-ақ...