Түркиямен әуе қатынасын шектеген Ресейде 500 мың адам жолдама алып қойған

Ресей сәуірдің 15-інен маусымның 1-іне дейін Түркия және Танзаниямен әуе байланысын шектеді. Мәскеу мен Ыстамбұлдан аптасына тек 2 рейс жүзеге асырылатын болады.

Ресей Премьер-министрінің мәлімдеуінше, мұндай шешімге аталған екі елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы себеп.

Ал Ресей туроператорлары қауымдастығының хабарлауынша, осы шектеу енгізілген кезеңге 500 мыңнан аса адам Түркияға жолдама сатып алып қойған. Осыған байланысты сарапшылар тығырықтан шығудың үш жолы барын айтады. Оның бірі жолдаманы кейінге шегеру немесе басқа бағытқа ауыстыру. Болмаса азаматтарға ақшасын қайтарып беру.

Сондай-ақ...