Жапония Фукусимадағы АЭС суын Тынық мұхитқа төгеді

Жапония билігі Фукусимадағы атом электр станциясының суын Тынық мұхитына құю туралы шешім қабылдады.

Ел премьер-министрінің хабарлауынша, бұл шара реакторларды жою үшін қажет. Болжам бойынша дайындық жұмыстары 2 жылға дейін созылмақ. Мамандар су қоймаларында жиналған 1,5 млн тонна ластанған судың тазартылғанын және оның қоршаған ортаға еш зияны жоқ екенін айтады. Биліктің бұл шешіміне жергілікті тұрғындар ғана емес, Оңтүстік Корея мен Қытай халқы да наразы. Жапония билігі болса барлық қауіпсіздік шаралардың сақталатынын айтып халықты алаңдамауға шақырып отыр.