Санкт-Петербургте тарихи маңызды ғимарат өртенді

Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы «Невская мануфактура» ғимаратында өрт шықты. Тілсіз жаудан бір өрт сөндіруші мерт болды.

Тағы бірнеше адам түрлі жарақат алған. 1861 жылы бой көтерген ғимараттың 6 қабаты да өртенген. Қызыл жалынды ауыздықтау үшін ондаған маман тартылды.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, өрт жақын маңда орналасқан тұрғын үйге де тараған. Абырой боғанда тұрғындар дер кезінде эвакуацияланды. Өртке нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Тергеу ісі басталды.