Италияда шағын кәсіп иелері шеруге шықты

Италия астанасында шағын кәсіп иелері карантин шектеулеріне қарсы тағы наразылық шеруіне шықты.

Римдегі Парламент жанындағы алаңға жиналған 200-ге жуық кәсіпкер елдің туын желбіретіп, биліктен бизнес нысандарды қайта ашуға рұқсат беруін талап етті. Бірақ кейбір шерушілер тәртіп сақшыларына тас лақтырып, бейбіт басталған акция қақтығысқа ұласты. Жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ.

Ал Италияда шектеулер мамыр айына дейін ұзартылған. Індеттен зардап шеккен кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қаржылай көмек көрсету қарастырылған. Бірақ бизнесмендер «бұл қаржы дағдарысты еңсеруге жеткіліксіз» деп, тыйымдарды алып тастауды сұрап отыр.