429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аргентинада құтқарылған пингвиндер бостандыққа жіберілді

  • 118
  • UPD: 14:03, 13.04.2021
Аргентинада құтқарылған пингвиндер бостандыққа жіберілді

Аргентинада бірнеше ай күтімде болған 12 қара-ала пингвинді Атлант мұхитына қайта жіберді.

Оларды жергілікті табиғатты қорғаушылар бірнеше ай бұрын аштықтан әлсіреп, қозғала алмай жүрген жерлерінен тауып алған еді. Содан белсенділер жануарларды бірнеше ай күтіп баққан. Ал Халықаралық табиғат пен табиғи ресурстарды қорғау халықаралық одағының дерегіне сүйенсек, әлемде 3 миллиондай магеллан пингвині бар екен. Олардың басым бөлігі Аргентина мен Чилиде өмір сүреді.

Хабар 24 телеарнасы