Ұлыбританияда әлемдегі ең үлкен қоян ұрланды

Ұлыбританияда әлемдегі ең үлкен қоян ұрланды.

Оның иесі қоянды қайтарған адамға 1000 фунт (1,3 мың доллардан астам) көлемінде сыйақы ұсынатынын айтты, деп хабарлады Sky News.

Дариус есімді сүйкімді жануар әлемдегі ең үлкен қоян ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. Оның денесінің ұзындығы 129 сантиметрге жетеді.

Мәліметтер бойынша, қоян өз иелерімен бірге Англияның Вустершир графтығында тұрған. Полицияның хабарлауынша, оны қоршаудан жексенбіге қараған түні біреулер ұрлап әкеткен.

Сондай-ақ...