Індетке байланысты Меккеге баратындар қатары азайған

Рамазан айының басталуына байланысты жүздеген мінәжат етуші мұсылмандар Сауд Арабиясының Мекке қаласындағы Қағбаны айналу парызын орындауға кірісті.

Бірақ әдетте мыңдаған адам жиналатын қасиетті орында биыл коронавирус індетінен кісі қарасы аз. Ал құлшылық етушілер әлеуметтік қашықтықты сақтап, қауіпсіздік шараларын орындауы тиіс.

Айта кетейік, бұған дейін Сауд Арабиясы билігі Меккеге коронавирусқа қарсы вакцина салдырған және дерттен жазылып шыққан адамдардың келуіне рұқсат еткен болатын.

Сондай-ақ...