Нигерияда автобустан 15 жолаушы ұрланды

Нигерияда қарулы топ автобустан 15 жолаушыны ұрлап кеткен.

Leadership газеті хабарлағандай, оқиға елдің солтүстігіндегі Кацин штатында болған.

Газеттің мәліметінше, шамамен 20 қылмыскер Сафан ауданындағы Цакския - Уммадау бағытымен келе жатқан автобусқа шабуыл жасаған. Автобуста саудагерлер болған, олар Джибиа қаласындағы базардан келе жатқан.

Полиция өкілі Гамбо Иса ұрлау фактісін растады.