427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нидерландтық туристер тәжірибе аясында Грекияда демалады

  • 115
  • UPD: 15:31, 13.04.2021
Нидерландтық туристер тәжірибе аясында Грекияда демалады

Нидерландтық 200 турист өз еліндегі карантинді Грекиядағы курортта өткізетін болды. Шара коронавирус індеті кезінде қауіпсіз демалыс ұйымдастыруды тексеру үшін қолға алынған.

Тәжірибені үкіметтің қолдауымен  голландиялық туроператорлардың бірі ұйымдастырып отыр. Оған сай голландтықтар 8 күн бойы Родос аралындағы қонақүйде демалады. Қонақтар 1 жарым метрлік арақашықтықты сақтап, отель аумағыннан шықпауы қажет. Сонымен қатар саяхат кезінде бірнеше тест тапсырып, Нидерландқа оралған соң 5 күндік оқшаулауда болуы тиіс. Қатаң талаптарға қарамастан шараға қатысуға 25 мың адам өтініш білдіріпті.

Константинос Тараслиас, Родос аралы мэрінің орынбасары:

- Бізге туристердің келе бастауы маңызды. Қазір келген саяхатшылар үшін қонақүйден шектеулермен демалу біраз қиындық туғызатын шығар. Бірақ бұл шара індет кезінде туризмді қайта жандандыруға көмектесетін болады деп сенемін.

Хабар 24 телеарнасы