Reuters-ті 170 жылдан бері алғаш рет әйел басқаратын болды

Reuters-ке бас редактор болып тағайындалған Алессандра Галлони 170 жылдық тарихы бар агенттікті басқаратын тұңғыш әйел атанды.

Бұл туралы агенттік мәлімдеді.

Рим тумасы Галлони бұл қызметте өзінің американдық әріптесі Стивен Адлердің орнын баспақ. Адлер 10 жылдық қызметінен соң зейнетке шығады. 47 жастағы Галлонидің қарамағында әлемнің түкпір-түкпіріндегі 2,5 мыңға жуық журналист жұмыс істейтін болады.

Гарвард түлегі The Wall Street Journal газетінде 13 жыл еңбек еткен: бизнес-тілшіден бастап оңтүстікеуропалық бюроның басшысы лауазымына дейін көтерілген.

Ал Reuters-те ол 2013 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Сондай-ақ...