Ғалымдар коронавирусты анықтаудың тағы бір тәсілін тапты

Яғни қауіпті вирустың ағзада бар-жоғын енді арнайы мобильді қосымша арқылы білуге болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін азаматтар смартфондағы камераға суретке түссе жеткілікті. Кейін қосымша фотодағы адам көздерін сканерден өткізіп, үш минуттың ішінде тестілеу нәтижесін шығарып береді екен. Жоба авторларының айтуынша, диагноздың дәлдігі 95 проценттен асады.

Айта кетейік, жаңа қосымша арқылы осы уақытқа дейін 70 мыңдай азамат тестілеуден өткен.