АҚШ әскері Ауғанстандағы қызметін қыркүйек айына дейін тоқтатпақ

Ақ үй басшысы Джо Байден АҚШ әскерін Ауғанстан аумағынан ағымдағы жылдың қыркүйегіне дейін шығарып, 20 жылға созылған қарулы-қақтығысты аяқтайтынын жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін бұрынғы президент Дональд Трамп Американың қарулы күштері 2021 жылдың 1 мамырына дейін шығарылады деп уәде еткен болатын. Алайда Байденнің пікірінше, бұл жоспар Талибанмен арадағы шиеленісті ушықтыруы мүмкін. Ақ үй басшысының нақты жоспары бүгін жарияланады. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, АҚШ тарапы алдағы уақытта да Ауғанстандағы бітімгерлік шараларға белсене атсалысып, Үкімет пен жергілікті әскерге гуманитарлық көмек көрсететін болады.

Естеріңізге салайық, 2001 жылы Нью-Йоркте болған терактан кейін Вашингтон өз жасағын Ауғанстан аумағына кіргізген болатын.

Сондай-ақ...