ЕО-да «цифрлық жасыл сертификаттар» енгізіледі

Еуропалық одақта маусымның 21-і күні цифрлық жасыл сертификаттар деп аталтын құжат қолданыла бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жүйені құрушылардың айтуынша, шара одақтағы адамдардың еркін жүріп тұруын қалпына келтіреді. Бұл туралы Брюссельде Әділет жөніндегі Еурокомиссар Дидье Рейндерс мәлімдеді. Шенеуніктің айтуынша, сертификат алу,саяхатшылар үшін міндетті емес. Тек одақ азаматы өзге елге барғанда карантинде болатынын ескертеді. Бірақ цифрлық құжатты вакцина салдырған салдырмағанына қарамастан Еуропаның әр азаматы алуға құқылы болады. «Жасыл сертификаттарды» шығару кезінде аз мәлімет жинау принципі қолданылмақ. Жаңа жүйені тексеру маусымның біріне жоспарланған.

Дидье Рейндерс, әділет жөніндегі еурокомиссар:

- Біздің беретін цифрлық сертификаттар үш түрлі болады. Олар вакцина салдырғаны жөнінде коронавируспен ауырып шыққаны туралы және азаматтың коронавирусқа қарсы ПТР-тест нәтижесін көрсетеді. Бұл сертификаттар тегін әрі қағаз және цифрлы түрде болады. Бірақ вакцина салдыру міндетті емес. Бастама Еуроодақтың ішкі шекарасын бақылауға еш қатысы жоқ. Шара тек карантин шектеулерін жеңілдетіп, адамдардың емін еркін жүруіне жағдай жасау үшін қолға алынғалы отыр. 

Хуан Фернандо Лопес Агилар, Еуропарламент депутаты:

- Сертификаттау адам құқықтарын сақтау, кемсітушілікке жол бермеу сынды Еуроодақ құндылықтарына сай келеді. Мұндай құжатты алғандар тек қосымша шектеу шараларынан босатылады. Вакцина салдырмағандар сертификаттың үшінші түрін, яғни ПТР тест тапсырғаны жайлы құжат ала алады. Еурокомиссияның ақпаратты қорғау жөніндегі қызметі жеке мәліметтер өзге мақсаттарда қолданбауын қадағалайды.