Байден Путинге кездесуді ұсынды

АҚШ президенті Джо Байден Ресей президенті Владимир Путинге қоңырау шалып, бейтарап елде кездесуді ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Ақ үй баспасөз қызметі хабарлады. Вашингтонның мәлімдеуінше, АҚШ-тың жаңа билігі Ресеймен қарым-қатынас орнатуға дайын. Әңгіме барысында қос президент стратегиялық қаруларды қысқарту мен Украиндағы жағдайды талқылаған. Кремль де екі ел басшылары телефон арқылы сөйлескенін растап, диалогты одан әрі жалғастыруға мүдделі екенін жеткізді. Ал Австрия билігі екі ел президентінің кездесуін өз аумағында өткізуге ұсыныс жасады.

Джен Псаки, Ақ үй баспасөз хатшысы:

– Президент Джо Байден Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы, ғаламдық және аймақтық мәселелерді талқылады. Джо Байден әңгіме барысында Құрама Штаттар өз ұлттық мүдделерін қорғау мақсатында әрекет ететінін атап өтті. Әңгімелесу кезінде көтерілген мәселелердің барысы жайлы алдағы уақытта хабарлап отырамыз.

НАТО әскері Ресей шекарасына жақындаған

Ал Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу НАТО мен АҚШ әскері Ресей шекарасына жақындап келеді деп мәлімдеді. Ақпарға қарағанда Қара теңіз бен Балтық теңізі аймағына мыңдаған әскери мен техника орналастырылмақ. Атлант мұхиты арқылы Еуропаға бет алған америкалық әскер де көбейе түскен.

Сондай-ақ...