429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та Д.Райттың өліміне қатысты толқулар жалғасуда

  • 150
  • UPD: 14:17, 14.04.2021
АҚШ-та Д.Райттың өліміне қатысты толқулар жалғасуда

Бұған Миннесота полициясының қолынан қаза тапқан 20 жаcтағы Данте Райттың өлімі себеп болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы орайда елдің бірнеше қаласына ұлттық гвардия кіргізіліп, маңызды обьектілердің қауіпсіздігі күшейтілуде. Ал қаза тапқан өрімдей жігіттің анасы бүгін халық алдына шығып, ұлымен сөйлескен соңғы сәтін айтып, қайғырды.

Кет Райт, Данте Райттың анасы:

– Бұл менің өмірімдегі ең қайғылы күн. Менің ұлым өзінің соңғы сәтінде маған телефон шалды. Содан соң мені полиция офицерлері жол бойына тоқтауымды талап етті деді. Олар сені не үшін тоқтатты деп сұрағанымда, айнада ілулі тұрған ауа тазартқышы үшін деп жауап берді.

Наразылық шарасына қатысушы:

– Бұл сұмдық. Жазда Миннеоалистағы болған наразылық шараларын білесіздер. Ал дәл қазір Джордж Флойдтың өліміне жауапты офицердің сот отырысы біз тұрған жерден 15 шақырым жерде өтіп жатыр. Соған қарамастан күнделікті полиция қолынан жазықсыздан жазықсыз адамдар қаза табуда.

Хабар 24 телеарнасы