Испаниядағы өндірістік аймақта өрт шықты

Испаниядағы өндірістік аймақта өрт шықты

Испанияның Сесенья қаласындағы өндірістік аймақта алапат өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар өрттің шамамен 52 мың шаршы метр аумақты тып типыл еткенін айтады. Одан шыққан қою қара түтін ондаған шақырым жерден байқалады. Әзірге жарақат алғандар мен мерт болғандар жайлы ақпарат түскен жоқ. Өрттің шығуына не себеп болғаны әзірге белгісіз.