Нигерияда бір күнде туған үшем бір уақытта әке атанды

Нигерияның Нгоо қаласында бір күнде үйленген үшем бір уақытта әке атанды. Бұл туралы Pulse басылымы хабарлады.

Чинеду (Chinedu), Чуквуэбука (Chukwuebuka) мен Кенечукву Онийа (Kenechukwu Onyia) 2020 жылдың 6 маусымында үйлену тойын өткізген. Бастапқыда олардың жұбайлары да үшем деген хабар тараған. Бірақ бұл ақпарат расталған жоқ. Енді араға үш ай салып ағайындылар бір уақытта әке атанып отыр.

– Бұл біздің арманымыз еді, бала кезден осылай болса деп тіледік. Біздің анамыз да бір уақытта үйленгенімізді қалайтын. Ол үшеуіміздің бір күнде үйленіп жатқанымызды елестеткенді жақсы көретін. Солай деп дұға жасайтын. Өкінішке қарай, анамыз 2013 жылы қайтыс болды және мұның бәрін көре алмады, – дейді Чинеду Онийа.