Сомалиде жарылыстан 17 адам қаза тапты

Сомалиде 17 адам мінген автобус жол жиегіне қойылған минадан жарылып кетті.

Қоғамдық көліктегі жолаушылар тегіс қаза тапты.

Жарылыс ел астанасы Могадишодан солтүстікке қарай 30 шақырым жерде Гололей ауылының маңында болды.

Қазір тергеу амалдары басталды. Әзірге оқиғаны ешкім мойнына алған жоқ.

Goobjoog News