Түркияда індет қайта өршіп барады

Түркияда коронавирус өршіп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір тәуліктің ішінде қауіпті дертті 62 мың 800-ге жуық адам жұқтырған. 279 науқас ковидтен көз жұмды. Аймақта сәуірдің 14-інен бастап карантиндік шектеу шаралары күшейтіліп, коменданттық сағат уақыты ұзартылды. Қалааралық қатынас шектелді. Санитарлық талаптар әзірге екі аптаға жоспарланған. Жергілікті билік «жағдай тұрақталмаса, шектеулер қатаңдатылады» деп ескертеді. Еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Түркиядағы эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына байланысты отандастарымызды уақытша Түркия еліне сапарламауға шақырады.

Ахмет Гурпинар, жергілікті тұрғын:

- Шектеулер бізде ғана емес, әлемнің өзге елдерінде де енгізіліп жатыр. Вирус дес бермей тұрғанда карантиннен құтыла алмайтынымыз анық. Тәртіпке бағынып, қолдан келгенше қорғануымыз керек.