Дания AstraZeneca вакцинасынан бас тартты

Дания AstraZeneca компаниясы әзірлеген вакцинадан толығымен бас тартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті билік жуырда осындай шешім қабылдады. Денсаулық сақтау министрлігі таратқан хабарға сәйкес, бұған препараттың адам өміріне қауіпті жанама әсері түрткі болған. Яғни, вакцина қан айналымын нашарлатып, тромбтардың түзілуіне ықпал еткен. Енді елдегі вакциналау науқаны Pfizer мен Moderna компанияларының препараттарымен жалғасады. Наурыздың басында Дания Еуропаның тағы бірнеше елімен бірге AstraZeneca вакцинасын салуды уақытша тоқтатып тастаған еді.

Сондай-ақ...