Владимир Путин вакцинаның екінші дозасын салдырды

Ресей президенті вакцинаның екінші дозасын салдырды,  Владимир Путин бұл туралы жиналыста мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кремль өткен айда Путиннің бірінші дозаны қабылдағанын хабарлаған. Бірақ оның вакцинаның қай түрін ектіргені туралы ақпарат жоқ.

  Владимир Путин, РФ президенті:

- Осы бөлмеге кірердің алдында жаңа ғана вакцинаның екінші дозасын салдырдым. Бәрі жақсы болады деп үміттенемін. Жай ғана үміттенбеймін, мен бұған сенімдімін. Сіздерге де осыны тілеймін. Өзіңізді, жақындарыңызды ойласаңыздар, менің осы ісімнен үлгі алыңыздар.