Оңтүстік Кореяда вакциналау науқаны баяу жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяда коронавирусқа шалдыққандар саны рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы аптада COVID-19 тәулігіне 700-ден аса адамнан анықталды.

Індетке қарсы екпе егу науқаны да баяу жүріп жатыр. Дәл қазір Оңтүстік Кореядағы меншікті тілшіміз Владислав Цой бізбен тікелей эфирге шығып тұр. 

Диктор:

- Армысыз Владислав. Қазірге дейін қанша адамға вакцина егілді, жалпы Оңтүстік Корея халқының қанша проценті екпе қабылдады. Вакциналау науқаны неге баяу?

Владислав Цой, тілші:

- Қайырлы таң! Вакцина 1 миллион 200 мыңнан астам адамға егілді. Бұл халықтың 2,5%-ін құрайды. Оңтүстік Кореяда шамамен 52 миллион адам тұрады. Вакциналау баяу жүріп жатыр. Өйткені осы елде үкімет барлық вакциналар арасында AstraZeneca-ны таңдады. Онымен екпе салғанннан кейін 12 мыңға жуық пациентте жанама әсерлер байқалды. Мысалы, бұлшықеттің ауыруы және безгегі. Бірақ осы препаратпен екпе егу тоқтатылды. Еуропадағы қан ұюы жағдайлардан кейін қоғамдағы қөңіл-күй мәз емес. Бірақ Оңтүстік Кореяның Денсаулық сақтау министрлігі: «Үшінші тоқсанда осы бір реттік вакцинаның 6 миллион дозасын жеткізу жоспарлары өзгеріссіз қалды және сарапшылар АҚШ-пен кеңесіп жатыр» деп мәлімдеді. Маусым айында елге тағы бір вакцина Novavax әкелінеді. Оның осы жылдың үшінші тоқсанына дейін 20 миллион дозасы дайын болады. Қазір Кореяда тек 2 вакцина AstraZeneca және Pfizer қолданылады. Біріншісі 936 мыңнан астам, ал екіншісі 302 мыңнан астам адамға егілді. Оңтүстік Корея билігі 2 айдан кейін 12 миллион адамға вакцина егуді жоспарлап отыр.

Мин Пок Ки, Тэгу қаласы алдын алу шаралары басқармасының басшысы:

- Менің ойымша, қоғамның алаңдауы вакциналаудан кейін пайда болды. Ол жанама әсерлермен және басқа вакциналардың жоқтығына байланысты. Екпеге деген сұраныс пен ұсыныстың қазіргі жағдайы қараша айында топтық иммунитет қалыптастыру жоспарын қиындатуы мүмкін. Егер Pfizer вакцинасы келсе, оны көпшілікке тез егуге болады.

Диктор:

- Владислав, вакцинация баяу жүріп жатыр дедіңіз, ал коронавирус жағдайы қандай және елде қандай шектеулер бар?

Владислав Цой, тілші:

- Осы сағатқа келіп түскен мәліметтерге сүйенсек, жалпы алғанда, індет ... адамднан анықталды. ...адам сауығып кетті. COVID-19 ... оңтүстіккореялықтардың өліміне себеп болды. Үкімет коронавирустың төртінші толқыны болуы мімкін деп болжайды. Өйткені жұқтырғандар саны күн сайын артып келеді. Халықтың көпшілігі тұратын Сеул мен Кёнги провинциясында екінші деңгейдегі әлеуметтік қашықтық ережелері сақталған. Сонымен бірге ойын-сауық орындары жабық, мейрамханаларға 22 сағатқа дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген. Елдің басқа аймақтарында онша қатаң шаралар қолданылмаған. Бизнеске келтірілген зиянды азайту туралы шешімді оппозиция партиясының атынан шыққан Сеулдің жаңа мэрі О Се Хун ұсынды. Ол ойын-сауық мекемелерін жабудың қажеті жоқ деп санайды. Тек кірушілерді коронавирусқа тексеруге кеңес береді. Әкім жедел тесттер адамда 10-30 минут ішінде COVID-19 бар-жоғын көрсетеді және олар АҚШ пен Германияда қолданылатынын айтты. Мұндай тесттер Оңтүстік Кореялық компаниялар экспорттайды, бірақ оларды елде пайдалануға Денсаулық сақтау министрлі рұқсат берген жоқ. Сеул мэрінің ұсынысы үкіметте әлі қаралуда, бірақ пилоттық режимде бұл әдіс елордалық караоке-клубтарда қолданыла бастады.

О Се Хун, Сеул қаласының мэрі:

- Сеул экономикасының негізін құрайтын көптеген жергілікті кәсіпорындардың жұмысы тоқтатылды. Оларға өз бизнестерін жүргізуге мүмкіндік беру керек. Біз COVID-19-дың таралуын болдырмау үшін караоке-клубтарда тестілеу жүргізу пилоттық бағдарламасын іске асуын қарастырамыз.

Кореяда қазір жылы, сондықтан адамдар белсенді түрде кездесіп, табиғатқа жиі шыға бастады. Өткен демалыс күндері, мысалы, қаладан тыс сапарлар саны 15% өсті. Бұл Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің пікірінше, коронавирус ауруының көбеюіне әсер етеді. Елде әлеуметтік қашықтық ережелері мамырдың басына дейін сақталады. Егер аурудың күнделікті саны азаймаса, қатаң шаралар қолданылатын болады.

Сондай-ақ...