Нигер астанасы Ниамей қаласындағы 20 баланың өліміне әкелген өрттің шығу себебі анықталып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мамандар ғимараттың сабаннан салынғанын айтады. Сондықтан қызыл жалын лезде шарпыған. Елдің мұғалімдер одағының мәліметі бойынша оқиға болған қалада 800-ге жуық оқушы білім алады. Ажал құшқандардың барлығы бастауыш сынып оқушылары. Мектеп елдің кедей аумағында орналасқан. Оқу орнында қосымша шығу есіктері болмаған. Салдарынан балалар сыртқа шыға алмай қалды. Нигер Біріккен Ұлттар Ұйымының кедейлік деңгейіне жасалған рейтингте ең соңғы орында тұрған мемлекет.
Ахмуду Махамаду, Нигер премьер-министрі:
- Рамазан айының кезінд осындай жап-жас балаларды жоғалту – қасіретті оқиға. Қайғырып, қан жұтқан отбасыларға көңіл айтамын. Бәріміздің қабырғамыз қайысып тұр. Егер бұл қасақана жасалған қылмыс болса, қаскүнемдер әділ жазасын алады.
Сиди Мұхаммед, Ұлттық өрт сөндіру қызметінің басшысы:
- Ғимарат қамыстан салынған. Осындай 21 сынып болған. Өрт лезде тұтанып, лап ете қалған. Балалар сыртқа шығып, үлгере алмай қалған.