Оңтүстік Корея Жапония үкіметін халықаралық сотқа береді

Бұған ресми Токионың «Фукусима-1» атом электр станциясында жиналып тұрған радиоактивті суды мұхитқа төгу туралы шешімі себеп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин наразылық нотасын Жапонияның осы елдегі елшісіне табыстады. Жапония билігі атышулы шешім туралы кеше ресми түрде мәлімдеген болатын. Бұған Оңтүстік Корея, Қытай сияқты көршілес елдер ғана емес, сондай-ақ жергілікті балықшылардың кәсіподақтары да наразылық білдірді. Олар аталған жоспар балық аулау саласын құрдымға жібереді деп дабыл қағады. Қоймалардағы зиянды судың көлемі 1 миллион тоннадан асады.

Кан Мин Сок, Оңтүстік Корея президенті офисінің ресми өкілі:

- Президент Мун Чжэ Ин Жапонияның атом станциясындағы зиянды суды мұхитқа жіберу туралы шешімін Теңіз құқығы жөніндегі халықаралық сотқа беру жолдарын қарастыруды тапсырды. Біздің елге бұдан қауіп өте көп. Себебі Жапония Оңтүстік Кореяға геологиялық тұрғыда ең жақын мемлекет және бізге ортақ теңіз бар.

Сондай-ақ...