Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті

Осы аптада COVID-19 тәулігіне 700-ден аса адамнан анықталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Індетке қарсы екпе егу науқаны да баяу жүріп жатыр. Вакцина 1 миллион 200 мыңнан астам адамға егілді. Бұл халықтың 2,5%-і. Үкімет барлық вакциналар арасында AstraZeneca-ны таңдаған. Алайда оны еккен 12 мыңға жуық тұрғында жанама әсерлер байқалдықтан, препартат кейін қолданысқа енгізілмейтін болды. Маусым айында елге Novavax екпесі жеткізіледі. Қазір Сеул мен Кёнги провинциясында екінші деңгейдегі әлеуметтік қашықтық талаптары сақталады. Елде ойын-сауық орындары жабық, мейрамханаларға түнгі сағат 22:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді.

Мин Пок Ки, Тэгу қаласы алдын алу шаралары басқармасының басшысы:

- Менің ойымша, қоғамның алаңдауы вакциналаудан кейін пайда болды. Ол жанама әсерлермен және басқа вакциналардың жоқтығына байланысты. Екпеге деген сұраныс пен ұсыныстың қазіргі жағдайы қараша айында топтық иммунитет қалыптастыру жоспарын қиындатуы мүмкін. Егер Pfizer вакцинасы келсе, оны көпшілікке тез егуге болады.