Еуроодаққа Pfizer-Biontech вакцинасын жеткізу жеделдетіледі

Еуроодақ Pfizer-Biontech компаниясымен 50 миллион доза вакцинаны жеткізуді жылдамату туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара америкалық Johnson & Johnson бірлестігінің өз вакцинасын Еуропада қолдануды тоқтата тұруына байланысты қолға алынған. Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйеннің мәлімдеуінше бұл өзге бірлестіктерден жетпей жатқан екпелердің орынын толтыруы тиіс. Жалпы Еуроодақ елдері өткен жылдың соңынан 126 миллион доза вакцина алып, олардың 100 миллионын қолданған. Одақ аймағында қазірге дейін 27 миллион адам егілген.

Урсула фон дер Ляйен, Еурокомиссия президенті:

- Жақында Johnson & Johnson компаниясының вакцинасына қатысты оқиғадан соң екпені жеткізуге көп жағдай әсер ететінін көрдік. Сондықтан Еуропадағы вакциналау шарасы тоқтап қалмас үшін мұндай мәселелерді алдын ала ескеріп, шапшаң қимылдау қажет. Біз Pfizer компаниясымен вакцинаны жеткізуді жеделту туралы келісімге қол қойдық. Бұдан бөлек, бірлестікпен 1 миллиард 800 миллион доза вакцина жеткізу туралы да жүргізіліп жатыр. Олар Еуроодақ аумағында шығарылады.