Израиль шетелдік туристердің шектеулі бөлігін елге кіргізеді

Мұндай кеңшілік 23 мамырда басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі елдегі вакциналау науқанына байланысты COVID-19-дың жұғу деңгейі күрт төмендеген. Израильдің Денсаулық сақтау және туризм министрлігі әзірге қанша адамның ел аумағына кіре алатынын нақты жарияламады. Барлық шетелдік қонақтар әуе рейсіне өтерден бұрын ПТР-тестінің теріс нәтижесін және вакцина тапсырғанын айғақтайтын куәлік көрсетуі тиіс.

Йорам Кенесс, микробиолог:

- Біз әуежайларда қолданатын коронавирустың таралуына диагностика жасаудың өте қарапайым әдіс-тәсілдері індетті бақылауға көмектесті. Осының арқасында біз әуе рейстерінің ұшуына және елге туристердің келуіне қолайлы жағдай тудырып отырмыз.

Израиль шекарасын былтыр наурызда жапқан болатын. Содан бері ел экономикасының даму көрсеткіші 2,5%-ке төмендеп, жұмыссыздық деңгейі 10%-ке жуықтаған. Израиль банкі вакциналау науқаны қазіргі қарқынынан таймаса, экономика өсімі 6,3%-ке жетуі мүмкін деп болжайды. Бұл елде бұған дейін 9,3 миллион халықтың 5 миллионы вакцина салдырып үлгерген.