Кубада мачетемен күніне 100-150 операция жасайтын емші тұрады

Кубада мачете, яғни ұзын пышақпен емдейтін емші бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Хорхе Голиат көптеген адамды дертінен жазған. Ол –дәрігерлер емдей алмаған кеселді жазған шипагер ретінде айналасына танымал. Ал пышақпен күніне 100-150 операция жасайды. Кубалық азамат осы кәсіппен 30 жасынан бері айналысады. Оған әруақтар аян берген. Содан бері мыңдаған адам емшіге қаралып, дертінен құлан-таза айыққан.

Хорхе Голиат, емші:

- Мен дертіне шипа іздеп келген адамдарды кері қайтармаймын. Себебі еліміздегі жағдай ауыр. Оның үстіне коронавирустан халық көп зардап шегіп жатыр. Бұл кеселмен күреске бар күшімді саламын.

Леонид Лара, жергілікті тұрғын:

- Бастапқыда Голиаттың емдеу әдісін естігенде бойыңызды сенімсіздік билейді. Бірақ ол дәрігерлер сізге не дегенін дөп басып айтқанда бүкіл күмәніңізден арыласыз.