loader


Айналымға шығатын өнімнің 85%-і ЕЭО техникалық регламентімен реттеледі

Бүгінгі таңда айналымқа шығатын өнімнің 85%-і Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай техникалық регламенттерімен реттеледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл тамақ өнімдерінен бастап балалар заттары, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау және басқа да тауарлар. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов өнімнің қалған түрлерін реттеуге арналған заң жобасын Парламент Сенатына ұсынды. Министрдің айтуынша, келісімді ратификациялау бірқатар мәселені шешеді. Мәселен, мемлекетіміз барлық өнімнің қауіпсіз айналысын қамтамасыз етудің құқықтық шарттарына қол жеткізеді. Отандық бизнес адал кәсіпкерліктің кепілі болады. Ал тұтынушы сапалы өнім таңдай алады.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Сауда және интеграция министрі:

- Біріншіден, бұл Одақтың бірыңғай техникалық регламенттері қабылданбаған немесе күшіне енбеген өнімдер. Біз осы келісімнің реттеу объектісіне жататын тауарлар номенклатурасына талдау жасадық. Негізінен бұл әлеуетті қауіп төндірмейтін өнімдер. Бүгінгі таңда оған қойылатын талаптар жоқ. Тізім үлкен емес, шамамен 15 позициядан тұрады. Мысалға айта кетсек, сағаттар, тұрмыстық щеткалар, жасанды әшекейлер және т.б. кіреді.