АҚШ пен Мексика шекарасында ұсталған мигранттар мәселесі өзекті болып тұр

АҚШ пен Мексика арасындағы шекарада ұсталған мигранттардың мәселесі әлі де өзекті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені кәмелетке толмаған мигранттарды жөнелтетін уақытша паналау мекемелері жетіспейді. «Байден әкімшілігі алдағы уақытта аталған орталықтардың саны артады дегенмен, 19 мыңға жуық балаларды баспанамен қамтамасыз ету оңай емес», дейді сала мамандары.

Кей штаттардың жауапты өкілдері мигрант балаларды қабылдауға үзілді-кесілді қарсы.

Келли Гарсия, Әлеуметтік қызмет департаментінің директоры:

- Мигрант балаларды біздің штатқа жіберу орынсыз деп ойлаймын. Өйткені уақытша паналау орталықтары мен арнайы мекемелерде америкалық балалар да бар. Сонымен қатар кірмелердің тілінде сөйлейтін мамандар жетіспейді. Сондай-ақ ондай балаларды Айова штатының аумағындағы отбасыларға орналастыру да қарастырылуда, бірақ ол өте күрделі шаруа. Және ол үшін белгілі бір уақыт қажет.