429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркияға ұшатын чартерлік рейстер тоқтауы мүмкін

  • 89
  • UPD: 13:44, 15.04.2021
Түркияға ұшатын чартерлік рейстер тоқтауы мүмкін

Түркиядағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты ол жаққа ұшатын чартерлік рейстер тоқтатылуы мүмкін.

Бұл туралы Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Қазір әуе тасымалдаушылар мен туристік компаниялар ведомствоаралық комиссияның әуе қатынасын қысқарту туралы шешімін күтіп отыр. Air Astana тұрақты түрде аптасына 10 рейс жасайды. Жыл басынан аталған шет елге бару үшін 500-ден астам тур жоспарланған. Егер тур алдын ала сатып алынған болса, оның мерзімін кейінге шегеруге болады. Немесе жұмсалған қаржы көлемін тек саяхатқа арналған депозитке аударуға болады. «Қаражатты кез келген қолайлы сәтте нысаналы мақсатымен пайдалануға болады, дейді сала мамандары.

Хабар 24 телеарнасы