Буэнос-Айресте шектеу шаралары күшейтілді

Аргентина астанасында санитарлық шектеу шаралары күшейтіле бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған аймақтағы эпидахуалдың күрт нашарлауы себеп. Ел президенті Альберто Фернандестің айтуынша, елде кез келген спорттық, мәдени іс-шаралардың ұйымдастырылуына тыйым салынды. Мектептердегі оқу онлайн форматқа ауыспақ. Шектеу шараларының мерзімі бір айға жалғасады.

Айта кетейік, елде індетті 2 млн 600 мың адам жұқтырған. 58 мыңнан астамы көз жұмды.