423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Грекия шетелдік туристерге міндеттелген карантинді алып тастайды

  • 167
  • UPD: 14:29, 15.04.2021
Грекия шетелдік туристерге міндеттелген карантинді алып тастайды

Грекия 32 елден келген саяхатшылар үшін карантиндік талаптарды алып тастайды.

Бірақ туристер вакцина алған болуы немесе COVID-19-дың теріс нәтижесін растайтын анықтама ұсынуы керек, деп хабарлады The Guardian.

Келесі аптадан бастап Еуропалық Одақтың, сондай-ақ АҚШ, Ұлыбритания, Сербия, Израиль және БАӘ азаматтарынан өзін-өзі оқшаулау талап етілмейді. Жаңа ереже 19 сәуірде күшіне енеді деп күтілуде.

Туризм министрлігі өкілдерінің айтуынша, Грекия туристерге 14 мамырда ашылады, ал бұл – соның алдында жасалып жатқан алғашқы қадамдар.

Жоспарға сәйкес Кос, Миконос, Санторини, Родос, Корфу, Крит, Афины мен Салоники аралдары саяхатшыларды қабылдайды.

Хабар 24 телеарнасы